Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Көп таңбалы сандарды екі таңбалыға жазбаша бөлу. Орташа арифметиканы табу есептері


• Жақшасыз, жақшамен өрнектерде амалдарды орындайсың және олардың мәнін табасың;
• Үш таңбалы санды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлуді қалай орындау керегін білесің және бөліндіні мен қалдықты табуды үйренесің;
• Орташа арифметиканы табу есептерінің әртүрлі түрлерімен танысасың және оларды шешуді үйренесің;
• Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлуді қалай орындау керегін білесің.




Қалдықпен бөлуді орындайық.
649 бен 15 сандарының бөліндісін жазбаша табайық.
Бірінші толық емес бөлінгіш – 64 ондық.
Демек, бөліндіде екі цифр болады.
64 ондықты 15-ке бөлеміз.
4 цифрын байқап көрейік.
Қай сан бөлінгенін білейік.
15-ті 4-ке көбейтеміз, 60 аламыз.
Қалдықта 4 қалды.
4 саны 15-тен аз.
4 цифры дұрыс таңдалды.
Екінші толық емес бөлінгіш – 49 бірлік.
49-ды 15-ке бөлеміз, 3 және қалдықта 4 аламыз.
Яғни, 649-ды 15-ке бөлгенде,
бөліндіде 43 және қалдықта 4 алдық.


Есепті шешейік. Яхта 1 сағатта 14 километр жылдамдықпен жүрді, 2 сағат – 15 километр жылдамдықпен және тағы 1 сағат – 24 километр жылдамдықпен жүрді.
Яхтаның орташа жылдамдығы қандай?
Схеманы толтырайық.
Есептің шартынан білеміз: яхта 14 км/сағ жылдамдықпен – 1 сағат, 15 км/сағ жылдамдықпен – 2 сағат, 24 км/сағ жылдамдықпен – 1 сағат жүрген.
Яхта жолда 1, 2 және тағы 1 сағат болғаны белгілі.
Бірінші қадамда яхта жолда болған барлық уақытты қосамыз, 4 сағат аламыз – яхтаның жалпы жүру уақыты.
Одан әрі былай ойлаймыз:
Егер яхта 1 сағатта 14 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда ол 14 километр жол жүрген.
15 км/сағ жылдамдықты 2 сағатқа көбейтеміз.
Бұл – яхта 2 сағатта жүрген жол.
Келесі 1 сағатта яхта 24 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, ол 24 километр жол жүрген.
Екінші қадамда барлық жолдарды қосамыз, 68 километр аламыз – яхта жүрген жалпы жол.
Үшінші қадамда яхтаның орташа жылдамдығын табу үшін, яхта жүрген жалпы жолды, яғни 68 километрді, оның жалпы жүру уақытына – 4 сағатқа бөлу керек.
Яхтаның орташа жылдамдығы – 17 километр сағатына.

Шартты оқы және есепті шеш.

Антон бөтелкеден не тапқанын біл.
Қалдықпен бөлуді орында.
Дұрыс сандарды таңда.

Есепті шешейік. 4 гектар жерден әр гектардан 45 тонна қызанақ жиналды, ал 2 гектар жерден – 60 тоннадан.
Осы екі жердегі қызанақтың орташа өнімділігі қандай?
Бірінші қадамда 4 гектар жерден қанша тонна қызанақ жиналғанын білейік.
Ол үшін 45 тоннаны – бір гектардан жиналған қызанақ санын 4 гектарға – осы жердің ауданына көбейтеміз.
180 тонна қызанақ 4 гектар жерден жиналды.
Екінші қадамда 2 гектар жерден қанша қызанақ жиналғанын білейік.
Ол үшін 60 тоннаны 2 гектарға көбейтеміз.
120 тонна қызанақ 2 гектар жерден жиналды.
Үшінші қадамда екі жерден барлығы қанша қызанақ жиналғанын табайық.
180-ге 120-ны қосамыз, 300 тонна аламыз.
Төртінші қадамда екі жердің жалпы ауданын білейік.
4 гектарға 2 гектарды қосамыз, 6 гектар аламыз.
Бесінші қадамда осы екі жердегі қызанақтың орташа өнімділігін табу үшін,
барлық өнімнің массасын – 300 тоннаны екі жердің жалпы ауданына – 6 гектарға бөлеміз.
Орташа есеппен 1 гектардан 50 тонна қызанақ жиналды.
Демек, екі жердегі қызанақтың орташа өнімділігі – 1 гектардан 50 тонна.

Шартты оқы және есепті шеш.

18 048 бен 47 сандарының бөліндісін жазбаша қалай табуға болатынын қара.
Бірінші толық емес бөлінгіш – 180 жүздік.
Демек, бөліндіде үш цифр болады.
Бөліндінің бірінші цифрын табайық.
180 жүздікті 47-ге бөлеміз.
Ол үшін 18-ді 4-ке бөлеміз. 4 аламыз.
Тексерейік: 47-ні 4-ке көбейтеміз.
188 аламыз.
Нәтиже 180-нен көп.
4 цифры дұрыс таңдалмады.
3 цифрын байқап көрейік.
Тексерейік: 47-ні 3-ке көбейтеміз.
141 аламыз.
Қалдықта 39.
3 цифры дұрыс таңдалды.
Екінші толық емес бөлінгіш – 394 ондық.
39-ды 4-ке бөлеміз, 9 аламыз.
Тексерейік: 47-ні 9-ға көбейтеміз.
423 аламыз.
Нәтиже 394-тен көп.
9 цифры дұрыс таңдалмады.
8 цифрын байқап көрейік.
Тексерейік: 47-ні 8-ге көбейтеміз.
376 аламыз.
Қалдықта 18.
8 цифры дұрыс таңдалды.
Үшінші толық емес бөлінгіш – 188.
18-ді 4-ке бөлеміз, 4 аламыз.
Тексерейік: 47-ні 4-ке көбейтеміз.
188 аламыз.
Қалдық жоқ.
4 цифры дұрыс таңдалды.
Демек, 18 048 бен 47 сандарының бөліндісі 384-ке тең.

Жазбаша есептеуді жалғастыр. Дұрыс сандар мен таңбаларды таңда.
Сонда сен жолаушылардың қайсысы жылдам пойызға мінетінін білесің.

Максим қайда ұшатынын біл.
Жазбаша есептеуді орында, дұрыс сандар мен таңбаларды таңда.

Сурет пен қысқа жазба бойынша тік төртбұрыштың ауданын тап.