Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу, егер бөліндіде нөлдер ортасында және соңында болса. Үшбұрыштардың қабырғаларына қарай түрлері


• өрнектегі амалдардың ретін орнатасың және жазбаша есептеулер орындайсың;
• көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлуді үйренесің, егер бөліндіде нөлдер ортасында және соңында болса;
• берілген жоспар бойынша есепті екі тәсілмен шығарасың;
• жазбаша есептеулер арқылы бөліндіні табуды жаттығасың.



Шарт бойынша өрнек құр. Дұрыс сандар мен таңбаларды таңда. Сонда сен балалардың аквапаркта қалай уақыт өткізетінін білесің.

Маринкеге тапсырманы орындауға көмектес.
Шарт бойынша өрнек құр.
Дұрыс сандарды таңда.

Есепті оқы және қысқа жазба құр.

Балалардың халық билерін көру үшін есептеулерді аяқта және дұрыс сандарды таңда.

390 780 және 13 сандарының бөліндісін жазбаша қалай табуға болатынын қара.
Бірінші толық емес бөлінгіш – 39 мыңдық.
Сонда бөліндіде 5 цифр болады.
Бөліндінің бірінші цифрын табайық.
39 мыңдықты 13-ке бөлеміз.
3 мыңдық шығады.
13-ті 3-ке көбейтеміз, 39 шығады.
Барлық мыңдықтар бөлінді.
Бөліндінің екінші цифрын табайық.
0-ді 13-ке бөлгенде мыңдық шықпайды,
сондықтан бөліндіде мыңдық орнына 0 жазамыз.
Бөліндінің үшінші цифрын табайық.
7-ні 13-ке бөлуге болмайды,
сондықтан бөліндіде жүздік орнына да 0 жазамыз.
Бөліндінің төртінші цифрын табайық.
78 ондықты 13-ке бөлеміз.
6 ондық шығады.
13-ті 6-ға көбейтеміз, 78 шығады.
Қалдық жоқ.
Бөліндіде бірлік орнына 0 жазамыз.
Сонда 390 780 және 13 сандарының бөліндісі 30 060 болады.

Бөліндіні тап. Дұрыс сандарды таңда, сонда сен құндызға үй салуға көмектесесің.

Араларға ұяшықтарды балмен толтыруға көмектес.
Есептеуді аяқта, дұрыс сандарды таңда.

Есепті оқы және қысқа жазба құр.

Есептеуді толықтыр. Дұрыс сандарды таңда – сонда сен балалардың океанариумда кімді көргенін білесің.


ABC үшбұрышын қарастырайық.
Үшбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығын салыстыр.
Суреттен AB және BC қабырғаларының ұзындықтары бірдей екенін көреміз.
Егер үшбұрыштың екі қабырғасы ұзындығы бойынша бірдей болса, оны тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды.
KDF үшбұрышын қарастырайық.
Үшбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығын салыстыр.
Суреттен үш қабырғаның ұзындықтары бірдей екенін көреміз.
Егер үшбұрыштың барлық қабырғасы бірдей болса, оны тең қабырғалы деп атайды.
Есіңде болсын, тең қабырғалы үшбұрыштың барлық бұрыштары бірдей.
Тең қабырғалы үшбұрыш бір уақытта тең бүйірлі де болады.
LMТ үшбұрышын да қарастырайық.
Үшбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығын салыстыр.
Суреттен үш қабырғаның ұзындықтары әртүрлі екенін көреміз.
Егер үшбұрыштың үш қабырғасы әртүрлі болса, оны әр қабырғалы деп атайды.
Есте сақта! Екі қабырғасы бірдей үшбұрыш тең бүйірлі деп аталады.
Барлық қабырғасы бірдей үшбұрыш тең қабырғалы деп аталады.
Барлық қабырғасы әртүрлі үшбұрыш әр қабырғалы деп аталады.


Барлық тең қабырғалы үшбұрыштарды таңда.

Әр үшбұрыштың түрін оның қабырғаларына қарай анықта.
Дұрыс атауларды таңда.