Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қалдықпен жазбаша бөлу. Құрама атаулы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу. Бірлікке келтіру есептері


• Көп таңбалы санды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлуді үйренесің, бөліндіні және қалдықты табуды жаттығасың;
• Бірлікке келтіру есептерін шешесің;
• Құрама атаулы санды жай санға айналдыруды жетілдіресің;
• Құрама атаулы санды екі таңбалы санға бөлуді жаттығасың;
• Үшбұрыштың түрін бұрыштары мен қабырғаларына қарай анықтайсың.



Есептеуді ауызша орында. Дұрыс сандарды таңда – және сен тотемді көресің.

Теңсіздіктерді таңда.

Есептің шартын оқы және кестені толтыр.

Жазбаша есептеулерді орында. Дұрыс сандарды таңда – және сен жас суретшінің не салғанын көресің.

Қалдықпен бөлуді орындаймыз.
32 685 пен 43 сандарын жазбаша бөлуді табамыз.
Бірінші толық емес бөлінгіш – 326 жүздік.
Демек, бөліндіде 3 сан болады.
326-ны 43-ке бөлеміз, 7 шығады.
43-ті 7-ге көбейтеміз, 301 шығады.
Қалдықта 25.
25 жүздік 43-тен аз.
7 саны бөліндіге дұрыс таңдалды.
Екінші толық емес бөлінгіш – 258 ондық.
258-ді 43-ке бөлеміз, 6 шығады.
43-ті 6-ға көбейтеміз, 258 шығады.
Қалдық жоқ.
6 саны бөліндіге дұрыс таңдалды.
5 бірлік 43-ке бөлінбейді,
сондықтан бөліндіде бірліктер орнына 0 жазамыз.
Демек, 32 685-ті 43-ке бөлгенде,
бөліндіде 760 және қалдықта 5 алдық.

Қалдықпен бөлуді орында. Дұрыс сандарды таңда – және сен машинаның не алып бара жатқанын білесің.

Есепті оқы және қысқа жазба құрастыр.

Кішкентай қарақшыларға картадан бағытты анықтауға көмектес.
Құрама атаулы санды жай санға айналдыр.
Дұрыс сандар мен қысқартылған белгіні таңда.

Есепті оқы және қысқа жазба құрастыр.

Құрама атаулы санды жай санға айналдыр.
Дұрыс санды таңда.

Үшбұрыштың түрін бұрыштары мен қабырғаларына қарай анықта.
Дұрыс атауларды таңда.

Есепті оқы. Ойлан және дұрыс жауапты таңда.