Тақырып Тапсырмалар каталогы
Көп таңбалы сандарды үш таңбалы сандарға жазбаша көбейту. Екі айырма арқылы белгісіздерді табу есептері. Біріккен амалдардағы өрнектердің мәнін табу
• Теңдеу шарты бойынша құрастырып, оны шешуді, жазбаша есептеуді үйренесің;
• Көп таңбалы сандарды үш таңбалы сандарға жазбаша көбейтудің әртүрлі жағдайларымен танысасың және осындай есептеулерді орындайсың;
• Амалдардың ретін анықтайсың және өрнекті біріккен амалдарда жазбаша орындайсың;
• Үйренген түрлер бойынша құрастырылған есептерді шығарасың.
• Көп таңбалы сандарды үш таңбалы сандарға жазбаша көбейтудің әртүрлі жағдайларымен танысасың және осындай есептеулерді орындайсың;
• Амалдардың ретін анықтайсың және өрнекті біріккен амалдарда жазбаша орындайсың;
• Үйренген түрлер бойынша құрастырылған есептерді шығарасың.
Құрастырылған атаулы санды жай санға айналдыр.
Сәйкес сан мен қысқартылған белгіні таңда, сонда сен гномдарға қымбат тастарды табуға көмектесесің.
Құрастырылған атаулы санды жай санға айналдыр.
Сәйкес сан мен қысқартылған белгіні таңда.
Шарт бойынша құрастыр және теңдеуді шеш.
Сәйкес сандарды, белгілерді және әріпті таңда.
Көп таңбалы санды үш таңбалы санға жазбаша көбейтеміз.
Көбейтуді бірліктерден бастаймыз.
Бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің бірліктеріне көбейтеміз.
19 044 аламыз – бұл бірінші толық емес көбейтінді.
Нәтижені бірліктер разрядынан бастап жазамыз.
Бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің ондықтарына көбейтеміз.
9 522 аламыз – бұл екінші толық емес көбейтінді.
Нәтижені ондықтардың астына жазамыз.
Бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің жүздіктеріне көбейтеміз.
6 348 аламыз – бұл үшінші толық емес көбейтінді.
Нәтижені жүздіктердің астына жазамыз.
Толық емес көбейтінділерді қосамыз.
Сонда көбейтінді – 749 064 шығады.
Максимге тапсырманы орындауға көмектес.
Жазбаша есептеу жазбасын толықтыр.
Сәйкес сандарды таңда.
Мариянға кілем тоқуға көмектес.
Есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Егер екінші көбейткіштің жазбасында нөл болса, үш таңбалы санға жазбаша көбейту жағдайын қарастырайық.
Алдымен бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің бірліктеріне көбейтеміз.
9 882 бірлік аламыз – бұл бірінші толық емес көбейтінді.
Нәтижені бірліктердің астына жазамыз.
Бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің ондықтарына, яғни 0 ондыққа көбейтеміз.
Біз білеміз, кез келген санды 0-ге көбейтсек, 0 болады.
Сондықтан 0 ондық – бұл екінші толық емес көбейтінді.
Нәтижені ондықтардың астына жазамыз.
Бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің жүздіктеріне көбейтеміз.
4 941 жүздік аламыз – бұл үшінші толық емес көбейтінді.
Нәтижені жүздіктердің астына жазамыз.
Толық емес көбейтінділерді қосамыз.
Сонда көбейтінді – 503 982 шығады.
Есіңде сақта.
Есептеулер жазбасын жеңілдету үшін, 0 ондыққа көбейтуді орындамауға болады,
және бірден жүздіктерге көбейтіп, нәтижені жүздіктердің астына жазуға болады.
Балалар ағаш бұйымдарын қалай әшекейлейтінін білу үшін, жазбаша есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Өрнектердегі амалдардың ретін анықта. Сәйкес нөмірлерді таңда – сонда Даринаның құмыраларда не өсіретінін білесің.
Балалар планетарийдегі экскурсияда не көретінін білу үшін, өрнектегі амалдардың ретін анықта. Сәйкес нөмірлерді таңда.
Сурет пен қысқа жазба бойынша квадраттың периметрін тап.
Тотем не қорғайтынын біл.
Теңдік дұрыс болу үшін, сәйкес белгілерді таңда.