Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Заттарды кеңістікте және жазықтықта орналастыру (жоғарыда, төменде, ортасында, жоғары, төмен, ішінде, үстінде, жанында, арасында, астында, алдында, артында, кейін, алдында, арасында)


• Заттардың кеңістікте және жазықтықта орналасуымен таныс;
• Заттардың орналасуын анықтауды үйренесің (жоғарыда, төменде, ортасында, жоғары, төмен);
• Заттардың орналасуын анықтауды жаттықтырасың (ішінде, үстінде, жанында, арасында, астында, алдында, артында, кейін, алдында, арасында).



Суретке қара.
Жоғарыда ай бейнеленген.
Төменде – теңіз.
Ортасында – кеме.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Кесеcтерді екі сөреге орналастырайық.
Жоғарғы сөреге – қызыл кеселер, ал төменгі сөреге – көк кеселер.
Оларды санайық.
Экранға қара. Бұл жоғарғы сөре.
Бұл төменгі сөре.
Бұл қызыл кеселер.
Ал бұл көк кеселер.
Оларды орналастырып, санайық.
Бір.
Екі.
Үш.
Төрт.
Бес.
Бір.
Екі.
Үш.
Төрт.
Келесі тапсырмаларды өз бетіңше орында.

Аппликацияға қара, оны аяқта.
Жоғарыға не қою керек?
Төменге не?
Ортасына не?

Кеселерді сана.
Оларды екі сөреге орналастыр.
Жоғарғы сөреге – көк кеселер, ал төменгі сөреге – қызыл кеселер.

Жиһазды орналастыр.
Үстелдің жанына орындықтарды қой, ал креслолардың арасына – диван қой.

Қолшатырдың астында неше жануар бар?
Қолшатырдың үстінде неше құс бар?
Жаңбырдан тағы жануарларды қолшатырдың астына жасырып қой.

Ойыншықтарды жәшікке сал, ал кітаптарды сөреге қой.

Сызықтың үстіне үлкен шеңберлерді қой, ал астына – кішкентайларын.
Сызықтың үстінде неше шеңбер бар? Астында нешеу? Санап шық.

Жануарларға қара.
Кірпінің алдында
қасқыр,
қоян,
түлкі
және аю жүріп келеді.
Аюдың артында
түлкі,
қоян,
қасқыр
және кірпі жүріп келеді.
Қоянның артында
қасқыр
және кірпі жүріп келеді.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Автобустың артында келе жатқан көліктерді тауып, оларды сана.
Экранға қара.
Бұл көліктер автобустың алдында жүр.
Ал мына көліктер – артында.
Оларды таңдап, санайық.
Бір,
екі,
үш.
Келесі тапсырмаларды өз бетіңше орында.

Автобустың алдында келе жатқан көліктерді тап.
Оларды сана.

Қай керіктер қоршаудың артында тұр?
Оларды тауып, сана.