Тақырып   Тапсырмалар каталогы

«аз» және «көп» ұғымдарымен танысу


• «аз», «көп» ұғымдарымен танысасың;
• қандай заттар көп, қайсысы – біреу екенін анықтауды үйренесің.



Міне, бір ине.
Ал кірпінің көп инесі бар.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Аз жемістерді таңда.
Экранға қара.
Бұл жемістер көп.
Ал бұл жемістер аз.
Оларды таңдайық.
Келесі тапсырмаларды өзің орында.

Қай жемістер көп? Оларды таңда.

Қай зат біреу?
Оны таңда.

Түнгі аспанда қай объектілер көп? Оларды таңда.

Қай объект біреу?
Оны таңда.

Екі қағазда нүктелерді қара.
Қай қағазда нүктелер көп?
Оң жақта ма, әлде сол жақта ма?