Тақырып Тапсырмалар каталогы
Ауызша және жазбаша көп таңбалы дөңгелек сандарды разрядтық сандарға көбейту. Бірлікке келтіру, пропорционалды бөлу және квадраттың ауданын табу есептері
• Көп таңбалы сандарды разрядтық сандарға ауызша көбейтуді, оларды көбейткіштерге, оның бірі – разрядтық бірлікке жіктеуді үйренесің;
• Дөңгелек көп таңбалы сандарды дөңгелек және разрядтық сандарға жазбаша көбейту алгоритмімен танысасың және жазбаша есептеулерде әрекеттер ретін жоспарлауды үйренесің;
• Бірлікке келтіру және квадраттың ауданын табу есептерін шешу дағдыларыңды жетілдіресің.
• Дөңгелек көп таңбалы сандарды дөңгелек және разрядтық сандарға жазбаша көбейту алгоритмімен танысасың және жазбаша есептеулерде әрекеттер ретін жоспарлауды үйренесің;
• Бірлікке келтіру және квадраттың ауданын табу есептерін шешу дағдыларыңды жетілдіресің.
Есептеуді ыңғайлы тәсілмен орында, көбейту амалдарының ауыстырымдылық және біріктіру заңдарын қолдан.
Сәйкес сандарды таңда – сонда орман тұрғындарының көңілді ойындарын көресің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Олесяға футболканы бояуға көмектес.
Сандардың көбейтіндісін қалай табатыныңды есіңе түсір.
Ауызша есептеуді орында.
23 пен 400 сандарының көбейтіндісін ауызша қалай тапқанын қара.
Екінші көбейткіш – 400 ыңғайлы көбейткіштерге – 4 пен 100-ге жіктелді және ретті көбейту орындалды.
Ауызша есептеу ыңғайсыз.
Сондықтан сандардың көбейтіндісін жазбаша қалай табуға болатынын қарастырайық.
Есептеуді ыңғайлы болу үшін сандарды баған түрінде жазамыз,
нөлдер оң жақта, ал 4 саны бірінші көбейткіштің бірліктерінің астында болатындай.
Көбейтуді нөлдерге қарамай орындаймыз.
Көбейтуді бірліктерден бастаймыз.
3 бірлікті 4-ке көбейтеміз, 12 болады.
12 бірлік – бұл 1 ондық және 2 бірлік.
2-ні бірліктердің астына жазамыз, ал 1 ондықты есте сақтаймыз.
2 ондықты 4-ке көбейтеміз, 8 болады
және есте сақтаған 1 ондықты қосамыз,
9 ондық болады. 9-ды ондықтардың астына жазамыз.
Алынған көбейтіндіге, 92 санына, екінші көбейткіштің нөлдерін қосып жазамыз.
Яғни, сандардың көбейтіндісі – 9 200 саны.
Жазбаша есептеулерді орында. Сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба бойынша есепті шеш.
2600 және 30 сандарының көбейтіндісін ауызша есептеп табайық.
Алдымен бірінші көбейткіш 2600-ді ыңғайлы көбейткіштерге – 26 мен 100-ге, ал екінші көбейткіш 30-ды – 3 пен 10-ға жіктейміз.
Көбейту амалдарының ауыстырымдылық және біріктіру заңдарын қолданамыз.
Көбейткіштерді былай топтастырамыз: 26 мен 3 және 100 мен 10.
26-ны 3-ке көбейтеміз, 78 аламыз.
100-ді 10-ға көбейтеміз, 1000 аламыз.
78-ді 1000-ға көбейтеміз, 78 000 аламыз.
Яғни, сандардың көбейтіндісі – 78 000 саны.
Үлгі бойынша есептеуді орында. Сәйкес сандарды таңда.
2 600 және 30 сандарының көбейтіндісін ауызша қалай тапқанын қара.
Ауызша есептеу ыңғайсыз, сондықтан 2 600 және 30 сандарының көбейтіндісін жазбаша табамыз.
Есептеуді ыңғайлы болу үшін сандарды баған түрінде жазамыз, нөлдер оң жақта, ал 3 саны бірінші көбейткіштің бірліктерінің астында болатындай.
Көбейтуді нөлдерге қарамай орындаймыз. Көбейтуді бірліктерден бастаймыз.
6 бірлікті 3-ке көбейтеміз, 18 болады. 18 бірлік – бұл 1 ондық және 8 бірлік.
8-ді бірліктердің астына жазамыз, ал 1 ондықты есте сақтаймыз.
2 ондықты 3-ке көбейтеміз, 6 болады және есте сақтаған 1 ондықты қосамыз, 7 болады.
7-ні ондықтардың астына жазамыз.
Алынған көбейтіндіге, 78 санына, екі көбейткіште бар нөлдердің санын қосып жазамыз.
Яғни, сандардың көбейтіндісі – 78 000 саны.
Балалар көлеңке театрында қандай ертегі көретінін біл. Есептеуді аяқта. Дұрыс нөлдер санын таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Сурет пен қысқа жазба бойынша квадраттың ауданын тап.
Аудандары бірдей тік төртбұрыштарды таңда.
Сонда қызықты өзгерістерді көресің.